Талапкерлерге арналған бағдарлама

Пресс-служба     16 Jan,2020        

Университет туралы ақпаратты түлектер көп жағдайда сол университеттің қызметкерлерінен естігенді дұрыс деп санайды. Қандай мамандық таңдаймын деп ойланып жүрген талапкерлерге бағыт-бағдар беру үшін “Старт Профи-Shygys”бағдарламасының стенд-моб бірінші кезеңі басталды.

Бағдарлама аясында университет өкілдері өз жұмысын Жарма ауданы, Қалбатау ауылынан бастады.

Барлық жоғарғы сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен келіп, қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара одан әрі  Аягөз, Үржар аудандарында жалғасын табады. Сондай-ақ, Шәкәрім университетінің өкілдері сіздерді  Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарғай, Көкпекті, Зайсан, Күршім, Тарбағатай аудандарында, Курчатов, Алтай қалаларында өтетін кездесуге шақырады.

Толығырақ уақыт пен күнді сіз Instagram-аккаунтында (@shakarim_cra) немесе 87222-315463, Call –центр 8 800 080 83 83 нөмірлерінен біле аласыз. Сіздерді “Старт Профи-Shygys”стенд-мобта күтеміз!