Shakarim University психологиялық қолдау қызметі студенттер арасында online форматында Бек депрессия шкаласына байланысты тест өткізді. Барлығы тестке 4553 студент қатысты. Зерттеудің мақсаты: университет білімалушыларының психологиялық жағдайын анықтау және олар тап болатын негізгі мәселелерді айқындау. Нәтижелер негізінде әкімшілікке, ПОҚ және эдвайзерлерге психологиялық хал ахуалды жақсарту және студенттерге көмек көрсету бойынша ұсыныстар әзірленді.