2021 жылдың 19, 22, 25, 29, 30 қарашасында ББҮҰД мансап және жұмысқа орналастыру бөлімімен факультеттерде бекітілген кесте бойынша бітіруші курс білім алушыларының және кафедра іс-тәжірибе жетекшілерінің қатысуымен «Өндірістік іс-тәжірибе: кәсіптік бағдар және бітіруші курс студенттерінің өзін-өзі анықтауы» тақырыбында практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша семинарлар өткізілді.
Семинарды өткізудің мақсаты дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына сәйкес іс-тәжірибе базасын таңдау мүмкіндігі мен талаптары туралы ақпаратпен және жеке келсім - шарт жасасу туралы ақпаратпен түлектерді уақтылы таныстыру болып табылады.
Семинар барысында кәсіптік іс-тәжірибе және кәсіпорынды (ұйымды) бакалавриат және специалитет іс-тәжірибе базасы ретінде айқындау туралы ережеге енгізілген мүмкіндіктер айтылды.
Сонымен қатар, іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес кафедраның іс-тәжірибе жетекшілері әзірлеген және бекітілген (doc.semgu) өндірістік және дипломалды іс-тәжірибе барысында білім алушылар қолданатын әдістемелік нұсқаулықтармен таныстырды.