Студенттер «Самұрық Қазына» АҚ өкілдерімен кездесті

Пресс-служба     14 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде «Самұрық Қазына» АҚ өкілдері университет студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында  “Жас Өркен” бағдарламасы таныстырылды. Аталған бағдарлама “Самұрық-Қазына”АҚ компанияларында оқу және жұмысқа орналасу мақсатында  жоғарғы оқу орнының талантты түлектерін іріктеуді қарастырады.

Бағдарлама іріктеудің төрт кезеңін және одан әрі топ-менеджменттің тәлімгерлігімен кәсіпорындарда 5 айлық ақы төленетін ротацияны қамтиды.

120-дан астам бакалавриат және магистратура түлектері баяндамашыны қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтарына жауап алды.

Іскерлік әрі еркін форматта өткен кездесуде “Самұрық Қазына” АҚ атынан Шәкәрім университетінің белсенді студенттері арасында сыйлықтар ойнатылды.

Бағдарламаға қызығушылық танытқан студенттер «Бұл пайдалы кездесу болды. Болашақта үлкен кәсіпорындарда қызмет жасау мүмкіндігі тууда. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз» дейді.