«Студенттік көктем-2019»

Пресс-служба     30 Apr,2019        

29 сәуір күні Шәкәрім университеті VII облыстық дәстүрлі «Студенттік көктем-2019» фестивальінде жоғарғы оқу орындары арасында  «Үздік кәсіби алаң» номинациясын жеңіп алды. Көптеген алаңдардың ішінде университетіміздің алаңы ерекше болды. Алаңға жиналған келушілердің санында шек болмады. Қызықты бағдарламалар алаң қонақтарына көтерікі көңіл-күй сыйлады.  Бірғана университет алаңы 4-ке бөлінді:

  1. Суретшілер алаңы – «Бейнелеу өнері» кафедрасының студенттері келушілерге түрлі жазуларды қолдарына жазып, әртүрлі кескіндемелер салды
  2. Хайуанаттар алаңы – Аграрлық факультеттің ұйымдастырған бұл алаңына түрлі жануарлар қойылды. Келушілер әсем жануарларды тамашалап, суретке түсті.
  3. Спорттық алаң – бұл алаңда студенттермен келушілер әртүрлі спорт түрлерінен (Арқан тарту, тоғыз құмалақ, дойбы т.б) сайысқа түсті.
  4. Ән – би алаңы – университет студенттерінің концерттік нөмірлері келушілерге көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Тіпті алаңға шығып, алғыс білдірген қала тұрғындары да болды.