СҮЙІНШІ!ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ!

Пресс-служба     25 Sep,2020        

Шәкәрім университеті ұжымының дайындауымен «АБАЙДЫҢ ҚОҢЫР СӨЗДІГІ»  кітабы басылып шықты. Кітаптың кіріспе сөзін Ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жазды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орайластырып шығарылған «Абайдың қоңыр сөздігіне» ана тілінің рухани уызы мен нәрі сіңген ақын сөздері жинақталып алынды. Хәкім Абай тілінің көркем де, құнарлы сөздерін әр оқырман санасына құйып, бойына дарыту арқылы рухани болмысын байытады.

Сөздік ел басқарып, халық игілігі мен ізгілігін арттыру жолында қызмет етіп жүрген жастарға және де сөз мәдениетін қадірлейтін көпшілікке арналады.