Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты

Пресс-служба     25 Dec,2019        

Шәкәрім университетінің делегациясы Өскемен қаласында өткен студенттік жемқорлыққа қарсы форумға қатысып қайтты.

Форум аясында жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған көрме өтті.

Студенттер көрмеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа интерактивті жұмыс түрлерін ұсынды.

Форумға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы  Алик Шпекбаев арнайы қатысты.

Университет ректоры форумда сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша университетте жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Айта кетейік,университет бастамасымен студенттерге тарту етілген Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа түрі. Ұят, ар-ұждан сияқты ұғымдарды насихаттау арқылы сыбайлас жемқорлықтан арылуға болатыны белгілі.Себебі, ар-ұжданы биік тұлға мұндай әректтерге бармасы анық.