«Сыр өңірімен» кездесу өтті

Пресс-служба     17 Feb,2020        

Журналистика оқу кафедрасында Абат Жолдасқызымен және қызылордалық ұстаздармен кездесу болып өтті. Абат Жолдасқызы –  Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі және құрметті қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, 40 жылдан астам ұстаздық қызметінде Абай, Шәкәрім мұрасын зерделі зерттей білген дара тұлға.

77 жастағы Абат Жолдасқызының ғылыми ізденісі бірнеше жинақта жарық көріп, оқырманның оң бағасын алған. «Құнанбай Өскенбайұлының өмірі» жайында кандидаттық диссертация қорғаған ғалым-ұстаз әлі күнге дейін ұлт мақтаныштарының еңбектерін топтастырудан қол үзген жоқ.

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы». Бұл саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты жанның пайымы. Сондықтан мәртебелі мамандықты ерекше қастер тұтады.

Үнемі ізденіс жолында, кез келген істі құлшыныспен атқаратын Абат Жолдасқызы ұйымдастыру алқасына ерекше алғысын білдіріп, студенттерге естелік ретінде «Атадан – тағылым, әруағына – тағзым» деген  кітабын сыйға тартты.

Қызылордадан келген делегацияға студенттер Абайдың қара сөздерін жатқа оқып тарту жасады.

Аталмыш шараға қатысушы студенттер де белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды. Сауалдардың негізгі өзегі – ұстаздың өнегелі өмірі, тағылымы мол шығармалары болды.