Табысты болудың сыры

Пресс-служба     26 Feb,2020        

Табысты адамдардың өмірлік тәжірибесі студенттерге қалай ықпал етеді? Университет түлектерінің арасында да табысты тұлғаларды  көп байқаймыз. Солардың бірі Семей қаласы бойынша «Форте банк» филиалының директоры Джалиль Ахунжанов. Әрдайым студенттермен тәжірибе бөлісуге дайын Джалиль Габдулхакұлы бүгін де Экономика және құқық факультеті мен  Бизнес және сервис колледжі студенттері арасында өткен «Табыстылық тарихы»тақырыбындағы облыстық пікірталас алаңының  спикері болды.

Шараның мақсаты – Қазақстандағы банк жүйесінің дамуына ауқымды үлес қосқан азаматтардың мысалында студенттер арасында бәсекеге қабілеттілік, білімділік,табыстылық идеяларын қалыптастыру. Өткен шара арқылы студенттер еңбек нарығындағы өзгерістер, бітірушілердің құзіреттіліктері туралы ақпарат алды. «Табысты адамдармен кездесіп, олардың тәжірибесін тыңдау біздің кейінгі қызметімізге ықпалы үлкен болатынын түсіндік дейді» қаржы кафедрасының студенттері.