Тағылымы мол кездесу

Пресс-служба     27 Sep,2019        

Шәкәрім университетінде ақын, «Невада-Семей» қозғалысының белсендісі Кенжебек Байгужиновпен кездесу өтті.

Әдеби-танымдық кездесудегі негізгі мақсат -жастарға лирик ақынды таныту, өнегелі өмір жолын үлгі ету, ұлағатын сіңіру болды.  Кездесуде ақынның жеке өз қорында сақталған, жарыққа шықпаған Зият Шәкәрімұлының (Шәкәрім Құдайбердіұлының баласы) өлеңі алғаш рет университет студенттеріне таныстырылды. «Ақын, Кенжебек Ақанұлының шығармашылығымен сусындаған әрбір жас, ұлт мүддесіне қызмет етуге шабыттанып, әдебиеттің қоғам өміріндегі орны мен қару ретіндегі құдіретін тани түседі деп ойлаймын. Алдағы уақытта өңіріміздің барлық жастарына дәл осындай тағылым мол мәдени-танымдық кештерді ұйымдастыратын боламыз»- дейді Семей жобалық кеңсесінің бас менеджері Шырын Әділқызы