ТАЛАНТТЫ  ЖАСТАР   ҚОЛДАУСЫЗ  ҚАЛМАЙДЫ!

Пресс-служба     16 Sep,2020        

Шәкәрім университетінің 1 курс студенттеріне Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің «Ақындық өнер» білім бағдарламасы, «Қаракөз» жастар театры, гуманитарлық ғылымдар ғылыми кафедрасының жанынан құрылған «Алқа» ғылыми қауымдастығының таныстырылуы онлайн түрде өтті. Онлайн-таныстырылымға Қазақ Филологиясы және Гуманитарлық факультетінен 70-тен астам студенті қатысты. Университетіміздің гуманитарлық ғылымдар ғылыми кафедрасының меңгерушісі Айман Ақтанова талантты жастардың қолдаусыз қалмайтынын жеткізді. Шара соңында студенттер өз өлеңдерін оқыды.