Қажетті құжаттар

1)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

3) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;

4) ҰБТ сертификатын;

5) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде “Педагогикалық ғылымдар” және “Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)” білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);

6) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлікті қоса береді.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары – көрсетілетін қызметті алушылар артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.