Талшынның кезекті жеңісі!

Пресс-служба     03 Dec,2019        

Шәкәрім университеті  «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3- курс студенті Жұматаева Талшын Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кубогына қоян-қолтық ұрыстан және армиялық қоян-қолтық ұрыстан V-ші халықаралық турнирде жеңіске жетті.

Жақында ғана әлем чемпионы атанған спортшы қызымыз бұл жолы да жеңіс тұғырынан көрінді.  Талшынды кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Жеңісті күндерің көп болсын!