Тарих толқынындағы ұлы тұлға

Пресс-служба     29 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде Тұңғыш Президент күніне арналған “Тарих толқынындағы ұлы тұлға” атты дөңгелек үстел өтті.
Ұлы тұлғаның елі үшін қосқан үлесі туралы айтып, жастардың патриоттық санасын қалыптастыру мақсатында өткен дөңгелек үстелге университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің басты міндеті Қазақстан қоғамында ел мемлекеттілігін құруда, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде Елбасының ауқымды тарихи рөлін одан әрі нығайту болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында түрлі баяндамалар оқылып, студенттер еркін ойларын жеткізді. Жастардың рухани құндылықтарын дамытып, Елбасы тағылымын түсіндірген бұл жиын қатысушыларға көптеген ақпарат берді
Ең алдымен жастарға сөз берген ректор Мейір Ескендіров «Еліміздің болашағы жастар екенін» алға тартты.
Жастар да университет басшысының сенімін ақтап, алқалы жиында бүкпесіз ойын айтып, Елбасына деген алғыстарын видео арқылы жеткізді.