Тәуелсіздік мерекесі аталып өтті

Пресс-служба     15 Dec,2020        

Шәкәрім университетінде мемлекетіміздің Ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай “Тұғыры биік – Тәуелсіздік” тақырыбында салтанатты онлайн іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында  “Тарих және саясаттану” кафедрасының оқытушысы  Д.Қ. Садықовтың тәуелсіздік туралы баяндамасы тыңдалды.

Университет ректоры М.Қ.Байжұманов  құттықтау сөзін сөйлеп университет ұжымына мерекелік ақжарма тілектерін тіледі.

Онлайн шара профессор-оқытушылар құрамының айтулы мерекеге орай “ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері” белгісі, БжҒМ “Құрмет грамотасы”, қала әкімінің және университет ректорының алғыс хаттарымен марапаттауы рәсіміне ұласты.

Салтанатты кеште университет өнерпаздары әуелете ән салып, тыңдармандарына мерекелік тамаша көңіл-күй сыйлады.