Таза ауадағы демалыс

Пресс-служба     24 Jun,2019        

22 маусым күні Шәкәрім университетінің халықаралық факультетінің талапкерлері мен студенттері Америкалық нұсқаушы Мегуми Марута мен бірге қаламыздың көрікті жерлерінің бірі Тәуелсіздік аралында Potluck Picnic өткізді.
Халықаралық жазғы лагерьде Марута мырза уақытты тиімді өткізудің қызықты түрлерін ұсынуда. Бұл жолғы ұсыныс таза ауада серуендеу болды, бұл ағылшын тілінде “hiking”деп аталады.
Ормандағы серуеннен кейін жазғы лагердің қатысушылары мен халықаралық факультеттің қызметкерлері Ертіс өзенінің жағасына жайғасып, таза ауада ойындар ойнап, балық аулап, ағылшын тілін жетілдірді.
Халықаралық жазғы лагердің нұсқаушысы Мегуми Марута таза ауада серуендеу және алғашқы аптада жасалған жұмыстар халықаралық факультеттің студенттерімен талапкерлері арасындағы достық қарым –қатынасты жақсарту мақсатында екенін атап өтті.
Еске сала кетсек университетімізде талапкерлермен студенттерге арналған халықаралық жазғы лагер жұмысы екі ай көлемінде жалғаспақ.