Таза ауадағы емтихан

Пресс-служба     21 Jun,2019        

21 маусым күні Шәкәрім университеті аграрлық факультетінің 2 курс студенттері емтихан жұмысын ерекше форматта өткізді.  Студенттер Агрономия мамандығы бойынша жазбаша емтиханды таза ауада тапсырды. Айта кетейік мұндай емтихан университетімізде алғаш өткізілуде.  «Жаздың шуақты күндерінде, ыстық аудиториядан қарағанда таза ауада ой қорыту әлде қайда жақсырақ», дейді емтиханға қатысушы студенттер.  Таза ауда аудиториядағыдай қысым жоқ, студенттер өздерін еркін сезініп, емтихан билеттеріне де жауап беруге қиналмады.  Табиғат аясында өткізілген жазғы емтихан нәтижелері де жаман емес.