Тәжірибе тарату үшін семинарлар өткізіледі

Пресс-служба     06 Sep,2019        

Шәкәрім университеті Халықаралық факультетінің бизнес басқау бакалавры мен қонақ үй басқару бакалавры бағдарламасының үйлестірушісі Ерғали Баильдинов пен  білім беру бағдарламасының жетекшісі Александр Койчубаев  Германияның Магдебург қаласында өткен GeKaVOC халықаралық жоба аясында “Қазақстанға логистика, мехатроника және тұрақты энергия бойынша дуальды тренингтер трансфері» семинар-тренингіне қатысты.

Семинар-тренингтің ұйымдастырушылары Отто фон Герике Университеті ірі өнеркәсіптік компаниялар мен инновациялық стартаптарға барумен мазмұнды бағдарлама ұсынды. Германияда кәсіби дуальді оқыту технологиясымен таныстырып, семинарлардың бір бөлігін TUVRhainland кәсіптік оқыту академиясының алаңында өткізді. Оқу қорытындысы бойынша барлық емтихандар сәтті тапсырылып, Магдебург қаласының Ратушында сертификаттар табысталды.

Екі аптаға созылған семинар-тренингтің нәтижесінде тәжірибе тарату үшін Шәкәрім университетінде бірнеше семинарлар өткізілетін болады.