Тәжірибелік сағат

Пресс-служба     15 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің Co-Working орталығында “Әлем елі(Медиация)” Team Building Квест өтті. Құқықтану мамандығының студенттері даулы жағдайда материалдық және моральдық шығынды өтеу фактісі бойынша медиацияны жүргізу рәсімін жеңіп алды.

Сайысқа арнайы шақырылған Семей қалалық сотының судьясы Мукашева Назгүл және кәсіпқой медиатор Б. Кенжина жағдайға кәсіби пікір білдірді. Сондай-ақ, медиациялық келісімнің артықшылықтары мен артып келе жатқан маңыздылығы туралы айтылды.

Іс-шара Заңтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері үшін ғана емес, сонымен қатар қонақтар мен қақтығысқа қатысушылардың өздері үшін де қызықты әрі танымды болды.

Студенттер кәсіби мамандармен тәжірибе алмасып, мамандығына деген қызығушылығы артқанын жеткізді.