Тәжірибелік тағылымдамадан өтті

Пресс-служба     06 Dec,2019        

«Биология» мамандығының 4 курс студенттері қаламыздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде тәжірибелік тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың мақсаты зияткерлік мектептің оқыту ерекшеліктерімен танысып, бірлесіп оқытуды (teamteaching) үйрену болды.

Екі айға созылған тәжіри алмасуда болашақ биолог-мұғалімдер мектеп өмірімен және педагогикалық қызметтің ерекшеліктерімен танысты. Олар, мұғалім-шеберлер мен мұғалім-зерттеушілердің сабақтарына қатыса отырып, оқушыларды ынталандыратын,  олардың оқуға деген қызығушылығын арттыратын әр түрлі әдістер мен оқыту формаларын байқады.

Мектеп басшылығы мен мұғалімдері кері байланыс орнатуда, жаңартылған оқыту әдістері бойынша жақсы дайындықты және түлектеріміздің жоғарғы мәдениетін атап өтті.