Тәжірибелік тағылымдамадан өтті

Пресс-служба     30 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде Алтай мемлекеттік университеті студенттері тәжірибелік тағылымдамадан өтті.

Шәкәрім университеті мен Алтай мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық аясында Алтай мемлекеттік университетінің, Барнаул (Ресей) география факультетінің студенттері ғылыми жаратылыстану пәндері оқу кафедрасы және «Химиялық технологиялар және экология» кафедраларында тәжірибе алмасты.

Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығына (NERC) бару барысында студенттер «Интерполимерлі кешендер негізінде жердің шөлденуіне жол бермеу технологиясын жасау» және «бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында орналасқан Сарапан мен Жанан қыстауындағы радиациялық ортаның қазіргі жағдайы» тақырыптарындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен танысты. Сонымен бірге орталықтың негізгі қызметіне шолу жасады.

Алтай мемлекеттік университеті табиғатты пайдалану және геоэкология кафедрасының доценті Скрипко Вадим Валерьевич «География» және «Экология» мамандықтарының студенттері мен магистранттарына «Табиғатты пайдаланудағы ГАЖ» тақырыбында ашық дәріс оқыды.

Мәдени тағылымдама бағдарламасы аясында өлкетану мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайын аралады.