Театр әртістерімен кездесу

Пресс-служба     04 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде қаламыздың Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры әртістерімен және режиссер Айдын Салбанмен кездесу өтті. Кездесу университеттің 85 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім университеті – ашық алаң» іс-шаралар циклі және Рухани жаңғыру бағдарламасының «Кино өнері және телевидение» арнайы жобасы аясында өткізілді. Кездесудің басты қонақтары:
Режиссер – Айдын Салбан
Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, сахна шебері – Сұлушаш Төлекова
Абай театры артистері – Нұржан Хасенов,Әсел Асылбекова, Серікжан Айтқалиев
Театры сыншысы – Еңлік Саматова болды.
«Сыр сұхбат» деп аталған кездесуде студенттеріміз қонақтармен сұхбатасып, өнерге деген қызығушылығын, әрі ұсыныстарын жеткізді.