«Тегін кітап алмасу» арнайы акциясы өтуде

Пресс-служба     16 Oct,2019        

Шәкәрім университетінің гуманитарлық ғылымдар ғылыми кафедрасы жанында ұйымдастырылған «Жас қаламгер» атты ғылыми-танымдық үйірмесінің бастамасымен ағымдағы оқу жылының 14 қазаннан 14 қарашаға дейінгі аралықта «Тегін кітап алмасу»  арнайы акциясы өтуде.

Бұл шараның негізгі мақсаты жоғары оқу орнының студенттерін көркем әдебиетті көбірек оқып, танымдық көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Көркем әдебиетке жақындылық әрбір студенттің рухани көзқарасын, әлеуетін арттыратыны сөзсіз.

«Көркем әдебиет студенттің өзіндік көзқарасын қалыптастырумен бірге жеке пікір айтуына, тіл байлығының қалыптасуына да ықпал тигізетіндігі шындық. Осыған орай ұйымдастырылып отырған шара өзінің тиімді нәтижесін беретіндігіне нық сенімдеміз. Аталған іс-шара басқа корпустарда да өз жалғасын табады.» дейді ұйымдастырушылар.