Теологтармен өткен танымды кездесу

Пресс-служба     10 Nov,2020        

«Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі» Ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап ынтымақтастық меморандум аясында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесе Zoom платформасында университет студенттерімен онлайн кездесулер өткізді.

Кездесу тақырыбы – «Жастар және дін». Негізгі мақсаты – студенттер арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Кездесу барысында арнайы орталықтың мамандары – Өмірханов Мақсат Ерланұлы мен теолог Тұрсынғалиев Қанат Мұратбекұлы студенттерге діндегі әкімшілік және қылмыстық заңнамалар, деструктивті діни ағымдардың қаупі, әлеуметтік желілердегі арбау тәсілдерінің жүргізілуі, сондай-ақ, интернет кеңістігіндегі манипуляция түрлерінің қалай іске асырылатыны жөнінде түсіндірді. Жастардың дәстүрлі діндерден бөлек радикалды ағымдардың ықпалына түспеулері керектігі кеңінен айтылды. Студенттер өз кезегінде қызықтырған сауалдарын қойып, ұтымды жауаптар алды. Кездесу соңында университет студенттері мамандарға зор алғыстарын білдірді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әр факультеттің 1-4 курс студенттері арасында жүйелі түрде жүргізілетін болады.