«Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбында коучинг өткізілді

Пресс-служба     10 Dec,2019        

Шәкәрім университетінде жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқыту кафедрасының ұйымдастыруымен «Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбында коучинг өткізілді.

“Назарбаев Зияктерлік мектебі” Педагогикалық шеберлік орталығының менеджер әдіскері Дидар Усенова оқытушылар, магистранттар және студенттер арасында коучинг  өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, қарым-қатынас дағдыларын дамытудың әр түрлі әдістерін қарастырды.

Коучингтің негізгі мақсаты: әр түрлі коммуникациялық жағдайларда байланыс орнату мүмкіндіктерін кеңейту; басқа адамдарды және өздерін түсіну дағдыларын дамыту; адамдар арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру; тиімді тыңдау дағдыларын игеру; өзін-өзі тану үдерісін жандандыру; шығармашылық қабілеттер аясын кеңейту.

Болашақ мұғалім мамандықтары үшін бұл жүргізілген коучингтің маңызы өте жоғары. Себебі кейбір бітіруші түлектер оқушылармен қарым-қатынасты өз деңгейінде орната алмайды. Педагогикалық іс-тәжірибе өтуде студенттер  ұжымда қарым-қатынас орнатуда қиыншылықтар сезінеді. Сол себепті өткізіліп отырған іс-шараның маңызы өте зор. Көпшілік тарапынан осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса деген  ұсыныстар да болды.

dav

dav