“Трансформациялық басқару” халықаралық жазғы мектебі өткізілді

Пресс-служба     12 Jul,2019        

2.07 – 11.07 аралығында “Трансформациялық басқару” халықаралық жазғы мектебі өткізілді. Қатысушылар – жоғары оқу орнының жетекшілері (декандар, бөлім жетекшілері, кафедра меңгерушілері) болды.
Дəрістерді – Экономика және менеджмент үшін Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры Доминик Джордан, жəне осы мектептің оқытушылары профессор Б.Дард, И.Силва. Сонымен қатар, Шəкəрім университетінің ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры, профессор Сандип Шарма жүргізді.


Жазғы мектеп бағдарламасында барлық жоғары оқу орындарын жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістерге бейімдеудің практикалық əдістері талқыланды, оның ішінде Экономика және менеджмент үшін Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебінің тәжірибесі мысалға алынды.
Жазғы мектеп қатысушылары тəжірибелік жаттығулар жасап, тапсырмаларды орындады.


Қорытынды сабақ 11 шілде күні өтті. Əрбір жоба жетекшісі өзі басқарып отырған бөлімшені одан əрі трансформациялаудың жолдарын көрсетіп, өз ойларын жəне идеяларын ұсынды.


Жобалар қорғалғаннан кейін барлық қатысушыларға экономика жəне менеджмент үшін Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебінің сертификаты табысталды.