«Трансформациялық менеджмент» халықаралық жазғы мектебі

Пресс-служба     02 Jul,2019        

1 шілде күні Шәкәрім университетінде «Трансформациялық менеджмент» халықаралық жазғы мектебінің ашылуы өтті. Экономика және менеджмент үшін Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры  Доминик Джордан мен   Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебінің президенті Мишель Джордан және Шәкәрім университетінің ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Сандип Шарма  жазғы мектепті жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөліседі. Университет басшыларына арналған курс  теория және семинар түрінде өтеді. Айта кетейік мұндай курстар университетте алғаш өткізілуде.  10 күнге созылатын семинардың әр күні жаңаша  өзгерістерге толы болмақ.

  1. Трансформациялық көшбасшылықтың жазғы мектебіне кіріспе
  2. Мықты алаңдарды құру үшін үздік тәжірибе: персонал тәжірибесі
  3. Үздік тәжірибелер; факультеттің даму бағдарламасы, курс дизайны және динамизм
  4. Үздік тәжірибе; жоғары білім сапасын ішкі бақылау
  5. Салым үшін базаны құру; кіріс генерациясы және тік академиялық практика
  6. Базаны құру

(1) екі және үш дипломдық бағдарлама

(2)оқытушылар мен студенттердің ұтқырлығы

  1. Студенттік әлеует; оқу ресурстарын құру
  2. Академияда бренд құру

Курстың соңғы екі күнінде барлық өтілген тақырыптарға талдау жасалып, әр қатысушы өз жобасын қорғайтын болады.   Әр басшының міндеті жазғы мектепте алған білімдерін өз ұжымдарына жеткізу болмақ.