Түнгі футбол лигасы өтті

Пресс-служба     10 Dec,2019        

40 жастан асқан ер азаматтар арасында «Төрттік турнирі» футбол ойындары өтті.

2017 жылы Шәкәрім университетінің бастамасымен ер азаматтар арасында «Түнгі футбол лигасы» ашылған болатын. Бүгінгі күнге дейін дәстүрін жоймай келе жатқан ойынның мақсаты дене шынықтыру мен спортты дамыту және еңбекшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту болды.

Айта кетейік «Түнгі футбол лигасы»Семей қаласындағы ересектер арасындағы алғашқы, әрі беделді лигасы.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жарысқа 4 үздік команда қатысты.

Команда ойыншылары тамаша дене шынықтыру дайындығын, техникалық-тактикалық шеберлігін және жеңіске деген жігерлігін көрсете білді.

Нәтижесінде:

1 орын – Семей спорт клубы командасы

2 орын – Ертіс командасы

3 орын-Шәкәрім университеті

4 орын-Рубин командасы иеленді.

Финалдық ойын алдында турнир ұйымдастырушылары футбол сайыстарын өткізген болатын. Нәтижесінде:

– ең “техникалық» ойыншы Исамов Ойрат (Семей спорт клубы командасы)

– ең” дәл ” ойыншы Симонов Виктор (Рубин командасы) деп танылды.

Сондай-ақ, Үздік қақпашы, Үздік қорғаушы, Үздік шабуылшы және турнирдің үздік ойыншысы аталымдары бойынша үздіктер анықталды.