Тұңғыш Президент күні әлі тойлану үстінде.

Пресс-служба     04 Dec,2019        

Аграрлық факультетте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік кеш өтті.
Атаулы мереке аталып өтсе де Аграрлық факультет ерекше көңіл-күйді мерекден кейін сыйлауды жөн көрген.
Елбасы туралы баяндамамен бастау алған мерекелік кеш патриоттық әндермен, әсем билермен жалғасты.
Аталған факультеттің әмбебап студенттері әзілден кенде емес екендерін көрсетіп, Жайдарман ойындарын ойнап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Елбасы күніне арналған мерекелік кеш – Рухани кеш болды деуге болады. Себебі қазақы мәдениетімізді алға қойып, дәстүрлі әндеріміз шырқалып, би билеп жатқанда біз де бір орында отыра алмадық. Барлығы ойдағыдай өтті» дейді көрермендер ерекше әсерлерімен бөлісіп.