Түрік балалары қазақ тілін үйрету орталығында

Пресс-служба     19 Aug,2019        

Бүгін Шәкәрім университетінің қазақ тілін үйретудің халықаралық орталығында түрік студенттеріне қазақ тілін үйрету сабақтары басталды. Түркияның Денизли қаласындағы Памукале университетінің «Түрік тілі әдебиеті» мамандығының студенттері Rabia Kacar мен  Zeynep Pekel қазақ тіліне қызығушылық танытып, Қазақстанға келіп үйренуді жөн көрген «Семейдің Шәкәрім университетінде қазақ тілін үйретудің халықаралық орталығы барын көріп қатты қуандық, себебі ұлы Абайдың туып өскен жерінен қазақ тілін үйренудің өзі керемет», дейді студенттер. Мұның  барлығы университетімізде өткен «Халықаралық білім құрылтайының» нәтижесі деуге болады.  Студенттер бір ай көлемінде қазақ тілін үйренумен қатар, қазақтың салт –дәстүрімен тұрмыс-тіршілігімен танысатын болады. Тіпті болашақта магистратураны Қазақстанда оқысақ деген жоспарларымен де бөлісті.