Турнир өз мәресіне жетті

Пресс-служба     11 Nov,2019        

Баскетболдан, жаттықтырушы Ерсайын  Мұхамеджановты еске алуға арналған XIV турнир өз мәресіне жетті.

Ерсайын Мұхамеджанов – спортшы, жаттықтырушы. Университетімізде дене шынықтыру және спорт бойынша оқытушы – жаттықтырушы болған.

Ғұмырының көп жылдарын балалар баскетболына арнаған. Тәрбиеленушілерге осы спорт түріне деген сүйіспеншілікті үйреткен. Сондай-ақ, студент жастарымен жұмыс істеп, жаттықтырушы ретінде өзінің кәсіби біліктілігін де арттырған бапкер.

Жарыстың салтанатты ашылуында Ерсаин Мұхамеджановтың өмір жолы фотокөрмесі ұсынылды, онда қатысушылар Семей қаласындағы баскетбол тарихымен танысуға мүмкіндік алды.

Турнирге қаланың білім беру мекемелерінің үздік студенттік командалары шақырылды. Барлық командалар жақсы физикалық, техникалық-тактикалық дайындықтарын және моральдық-ерік қасиеттерін көрсетті.

Үш күнге созылған тартысты дода нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:

1 орын – «Шәкәрім университеті» командасы

2 орын – «Семей қаласының құрамасы»

3 орын – «Қазақ инновациялық  гуманитарлық заң университеті» командасы

4 орын – «Медициналық университет» командасы

Турнирдің үздік ойыншысы «Шәкәрім университет» құрамасының ойыншысы Арықов Диас болды.

Қаламызда баскетбол спортының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан Ерсайын Мұхамеджанов атындағы турнир – спортқа деген ынтасы бар жастардың қызығушылығын арттырып, жыл сайын ерекшеленіп, көлемі артып келеді.