Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Пресс-служба     04 Oct,2019        

Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басқарма басшысы Сакенова Қарлығаш Жеңісқызы Шәкәрім университетінің докторанттарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты докторлық диссертацияны жазу және қорғау процесінде жол берілетін бұзушылықтарды талдау болды. Сонымен қатар түсіндірме жұмыстарына қаламыздың өзге де жоғарғы оқу орны докторанттары қатысты.
Қарлығаш Жеңісқызы диссертациялық жұмысқа аса ұқыптылықпен қарап, әсіресе сілтемеге баса назар аудару керектігін жеткізді. Сондай-ақ докторанттардың қойған сауалдарына жауап берді.