ТЫЛ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Пресс-служба     09 May,2019        

8 мамыр күні Шәкәрім университеті «Журналистика» мамандығының 1 курс студенттері Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай  «Айна» телестудиясында «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» тақырыбында тыл ардагері Клим Төлемісовпен кездесу өткізді.

Жеңіс – аға ұрпақтың ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Майдан алаңында қолына қару алып, Отан үшін жан алысып-жан беріскен майдангерлерден бөлек, елде ерен еңбектің үлгісін көрсеткен тыл ардагерлерін де атап өтпеске болмас.

Еңселі еңбек, соғыс зардаптары туралы  Клим Төлемісұлымен болған  ғибратты әңгімеден жас журналистердің түйгені де мол. Ержүрек  жауынгерлердің ерлігі бүгінгі ұрпаққа өнеге.

Есіл ерлердің есімдері әрдайым ел есінде!