Ұйымдар жәрмеңкесі

Пресс-служба     18 Sep,2019        

Университет ұйымдары 1 курс студенттеріне салтанатты түрде өздерін таныстырып, белсенді болуға шақырды. Оның мақсаты – студентердің уақыттарын тиімді өткізіп, жан-жақты болуын қамтамасыз ету. Айта кетейік университеттің өзін-өзі басқару ұйымдары – бұл студенттердің әлеуметтік мектебі. Ұйымдардың көшбасшылары мен белсенділері көп жағдайда университетті тәмәмдағаннан кейін бірден жұмысқа шақырту алып жатады. Себебі әлеуметтік мектептің шәкірттері қоғамға жұмыс істеуге әбден дайын болып шығады.

Биыл университетке қабылданған 2200 баланың 1000-ға жуығы әртүрлі ұйымдараға мүше болған. Ол дегеніміз, студенттер бүгіннен бастап өз болашағына жол ашуда. Университет құрамындағы 7 ұйым бар:

«Jas Otan» жастар ұйымы – болашақ саясаткерлер үшін мектеп;

«Парасат» интелектуалды дебат клубы – сенің дамуың үшін ең жақсы орын;

«Конгресс» интелектуалды дебат клубы – болашақ көшбасшылар ұйымы;

«ART UNION» талантты жастар ұйымы – сахнаға бастар жол;

Д.Бабатайұлы атындағы ақындар мектебі – шабытыңды шыңдайтын мекен;

Shakarim volonteers club – жақсылық жасау өз қолыңда;

«Қазақстан студенттер Альянсы» – үздік іс-шаралардың ұйымдастырушылары