Ұлағатты ұстаз тағлымы

Пресс-служба     27 Sep,2019        

Шәкәрім университетінде «Ұлағатты ұстаз тағлымы» атты мерекелік кеш өтті. Кеш Абайдың 175 жылдығы, Шәкәрім университетінің 85 жылдығы және ұстаздар күні қарсаңында ұйымдастырылды. Бірнеше мерекені қамтыған кеш кездесуге ұласты. «Шәкәрім университеті-ашық алаң» іс-шаралар циклінің аясында елімізге белгілі «Айгүл» ансамблі және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұзақбаева Сақыпжамал Асқарқызымен кездесу болды. Дәл осы кездесуде Сақыпжамал Асқарқызының «Этнопедагогика: оқу-әдістемелік кешені» кітабының тұсау кесері өтті. Ұлағатты ұстазға ұстаздар күні аясында Шәкәрім университетінің ең үлкен құрметі “Шәкәрім медалі”табыс етілді. “Айгүл” ансамблінің әндеріне сусындаған қонақтар ерекше әсер алып, демалып қайтқандарын жеткізді.