Ұлттық бояуы басым Ирина Тенмен кездесу

Пресс-служба     27 Sep,2018        

Шәкәрім шаңырағында Қазақстан Ұлттық арнасы, “Таңшолпан” бағдарламасының тележүргізушісі – Ирина Тенмен “Айна тв” телестудиясында арнайы сұxбат өтті. Сұхбаттың басты мақсаты – жас журналистерге бағыт-бағдар беру, журналистің бойындағы қасиеттерді ашу. Сұxбатты жүргізген жас журналист – Досмуxамбетова Еркежан.

Кездесу барысында аталмыш мамандықтың болашақ студенттері өз пікірлерін ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Десекте “Кәсіби журналист болу үшін ең бірінші білім, тәрбие, жақсы орта, тәжірибе аса қажет”, – дейді Ирина Тен. Осындай қызықты әрі мағыналы сұхбаттың студенттерге берері мол болды. Кездесу соңы арнайы тренингке ұласты.