Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған шара

Пресс-служба     12 Dec,2019        

Шәкәрім университетінің Коворкинг орталығында «Заманауи киім мен ұлттық құндылықтар дәстүрдің жарқын жалғасы бола ала ма?» атты іс – шара өтті.

«Өнер және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты ұлттық киімдер, ұлттық әндер, қазақы салт-дәстүрді дәріптеу арқылы ұлттық құндылқтарымызды жастардың бойына сіңіру болды.  Себебі, бойында ұлттық санасы бар тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет.

«Қазіргі компьютерлік технологиялар, жаһандық үдерістер ғасырындағы жағдайда мәдени мұраны сақтау, оны келешек ұрпақтың санасына сіңіру әрбір халық үшін маңызды міндет. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз.  Бүгінгі шарадан студенттеріміз көптеген ақпарат алып, дәстүріміздің тарихымен кеңінен танысып,ризашылықтарын білдірді» дейді факультет оқытушылары.