Университет басшысының Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы

Пресс-служба     01 Dec,2020        

Құрметті профессорлар, оқытушылар және қызметкерлер! Қымбатты білім алушылар!

Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаушы, ғаламдық бастамалардың бастамшысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — барлық отандастарымыздың және әлем қауымдастығының шынайы құрметіне ие болған тұлға.

Елбасының елімізді кемел келешекке жетелеген игі істері, жаһандық деңгейде қойылған мақсаттарға жету жолындағы табандылығы, даналылығы, жүргізген сындарлы саясаты: бірлік, бейбітшілік және толерантты қоғамдық келісім — елдің ең жоғарғы құндылығына айналған мемлекетті қалыптастырды.

Тұңғыш Президент күнін атап өту барлығымыз үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе! Баршаңызды атаулы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге және жанұяларыңызға мықты денсаулық, ырыс пен береке және ел игілігі үшін атқарып жатқан қиындығы мен қуанышы қатар жүретін ерекше еңбектеріңізге табыстар тілеймін!

Құрметпен,  ректор м.а.    Мұхтар Байжұманов