Университет пен телеарна арасындағы байланыс

Пресс-служба     17 Sep,2020        
Университетіміздің студент журналистеріне әрдайым қолдау білдіріп жүретін «SEMEІ» телеарнасы биыл өзінің 55 жылдық мерейтойын тойлауда.
Мерейтой қарсаңында арнаның білікті журналистері университетіміздің журналистика кафедрасының студенттерімен онлайн платформада кездесіп, тәжірибелерімен бөлісті.
1,2,3 курс студенттері қатысқан кездесуде «SEMEI» телеарнасы тарихы айтылып, «Блок жанры» туралы ақпарат берілді.
Айта кетейік, телеарна мен университет арасындағы байланыс ешқашан үзілген емес.
Осы телеарнада тәжірибе жинап, қызмет атқарған студенттеріміз бүгін де үлкен жетістікке жетіп жүрген білікті маман.
Өзінің мерейтойында студенттермен кездесіп, тәжірибесімен бөліскен телеарна ұжымына алғыс білдіреміз
Табысты күндеріңіз көп болсын!