Университет ректоры

ЕРДЕМБЕКОВ БАУЫРЖАН АМАНКЕЛДІҰЛЫ

Филология ғылымдарының докторы, профессор

1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниегекелген, ұлты – қазақ.

1992-1996 жылдары «Семей» мемлекеттік университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті;

1996-1999 жылдары «Семей» мемлекеттік университетінің аспиранты;

2000-2001 жылдары «Семей» мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;

2001-2004 жылдары М. Әуезов атындағы Семей университеті сырттай оқыту факультетінің деканы;

2004-2007 жылдары М. Әуезов атындағы Семей университеті филология факультетінің деканы;

2007-2008 жылдары М. Әуезов атындағы Семей университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;

2008-2009 жылдары М. Әуезоватындағы Семей университетінің тәрбиеісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры;

2009-2011 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институты психология-педагогика факультетінің деканы;

2011-2012 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі;

2012-2017 жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры;

2017 -2021 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбеөңірлік мемлекеттік университетінің ректоры.

2021жылдың 27 қаңтарынан бастап «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы- Ректоры

Филология ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2008), филология ғылымдарының докторы (2009), профессор (2011).

Ғылыми-зерттеунысаны – қазақ әдебиетінің тарихы, абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, әдеби өлкетану мәселелері.

Қазақстан, АҚШ, Германия, Польша, Қытай, Түркия, Монғолия, Ресей, Қырғызстанда жарияланған 200-ден астам ғылыми мақалалардың, сондай-ақ 2 монография, 1 оқулық, 7 оқуқұралы, 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы. «Шығыс Қазақстан облысының туристік жерлеріне лингвоелтанымдық саяхат» атты мемлекеттік бюджеттік жоба жетекшісі.

«Үлкен Алтай әлемі» атты халықаралық ғылыми журналы (Ресей ғылыми сілтемелік индексіне (РИНЦ) базасына енген) мен «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің хабаршысы» ғылыми журналының бас редакторы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет жәнеөнер институты жанындағы Диссертациялық кеңестің (2009-2010), «Шәкәрім» ғылыми-танымдық журналы редакциялық кеңесінің, «Абай» республикалық фольклорлық-этнографиялықәдеби-көркем журналы ақылдастар алқасының және ШҚО Ономастика комиссиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің (2009), «Монғолия білім беру ісінің үздік қызметкері» медалінің (2013), «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің (2014), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің (2016), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің (2018) және «ЖОО үздік оқытушысы» атағының (2009) иегері.