Университет түлегі жаһандық сыйлық номинанты атанды

Пресс-служба     08 Oct,2019        

Шәкәрім университетінің түлегі «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының номинанты атанды. Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі  Асхат Жұмабеков 2018 жылы Қазақстан Республикасының «Үздік педагог» атағын иеленген және осы жылы «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының номинанты атанып отыр. Бұл номинацияны  Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрайымы Әлия Назарбаева тапсырды.

Айта кетейік «Әлем мұғалімі» сыйлығы – бұл мұғалімдерге арналған Нобель сыйлығы. Биыл Қазақстан бұл байқауға алғаш рет қатысуда.

Байқаудың финалына Қазақстан Республикасының әр аймағынан 11 мұғалім шықты. Халықаралық сараптау кеңесінің іріктеу нәтижесі ағымдағы жылдың желтоқсан айында шығады. Финалистердің ішінен тек бір үміткер басқа елдердің 50 қатысушысымен бірге Қазақстанды таныстырады.

Байқаудың финалы Дубай қаласында, Біріккен Араб Әмірліктерінде 2020 жылдың наурыз айында өтеді.

Университетіміздің түлегіне сәттілік тілейміз!