Университет түлектерімен кездесті

Пресс-служба     19 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде университет түлектері мен жергілікті атқару органдары, заң қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өтті.

Экономикалық, аграрлық, педагогикалық бағыт бойынша өткен кездесуде студенттердің алдағы уақытта жұмысқа орналасу кезінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік актілер мен заңдарды түсіндіріп, жас мамандарға көмек көрсету үшін мемлекетіміз жүзеге асыратын бағдарламалар туралы айтылды.
Түлектермен кездесуге Семей қаласының, Шемонаиха, Бесқарағай, Жарма, Курчатов, Риддер, аудандарының жұмыспен қамту орталықтарының, аудандық әкімдіктердің мамандары, мектеп директорлары, кәсіпорын басшылары келді.
Қонақтар студенттерді өз аудандарымен, еңбек жағдайымен, тұрмыс жағдайымен, бос жұмыс орындарымен таныстырып, аудандарға практикаға, жұмысқа шақырды.
Студенттер қызығушылықпен тыңдаған баяндамаларынан кейін заңгер мен жұмыс берушіге еңбек жағдайлары, бос жұмыс орындары, жалақы туралы сұрақтарын қойды.
Кездесу соңында түлектер өздерін қызықтырған мамандарға келіп, толығырақ ақпарат алды.