Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің франшиз және технологиялар орталығы ғалымдардың ғылыми-техникалық және технологиялық жасалымдарын коммерциаландыруды инновациялық үрдістің барлық қатысушыларының құқықтарын сақтай отырып, жүзеге асыру үшін құрылды.
- Нарықтың қажеттілігіне бағытталған инновациялық жасалымдарды коммерциаландыру бойынша университет саясатын жасау және іске асыру, инвестиция тарту және басқа кәсіпорындар және ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
- Университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарына мониторинг және сараптамалар жүргізу;
- Ғылыми-техникалық және технологиялық жасалымдардың нарықтық (инвестициялық) тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру:
- Ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін әртүрлі деңгейдегі конкурс, көрме,т.б. іс-шараларда көрсету;
- Инновациялық жобаларды ұсыну және коммерциаландыру жөнінде оқыту семинарларын, тренинг, курстарды ұйымдастыру, өткізу;
- Ғалымдардың патенттері мен авторлық куәліктеріне талдау жасау арқылы оларды нарыққа шығарудың тиімді жолдарын анықтау;
- Университеттің инновациялық зерттеулеріне қаржыландыру көздерін іздестіру;
- ПОҚ, қызметкерлер, магистранттар мен студенттерге ғылыми-әдістемелік және кеңесшілік қызмет түрлерін жүргізу;
- Оқытушылар мен студенттердің стартап-жобаларын жасау кезінен бастап, коммерциаландыруға дейін бірге жүргізу;
- ҚР технологияларды коммерциаландыру жүйесін дамыту және университетте коммерциаландыру идеясын көпшілікке тарату жөніндегі ақпараттық қызметті жүргізу.