Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының қызметтері
Білім алушының оқитындығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру (№4, 6, 8 қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияға, Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға берілетін анықтамалар)
Білім алушының шәкіртақы алатындығы немесе алмайтындығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру (мерзімі көрсетілуі тиіс)
Жеке бас құжаттарының өзгеруіне байланысты мәліметтер базасын өзгерту өтініштерін қабылдау және өзгергендігі жөнінде бұйрықпен таныстыру, хабардар ету
Диплом көшірмесін алу жөнінде өтініштерді қабылдау және оның көшірмесін беру (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі құжаттар көшірмесін беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Транскрипт алу жөнінде өтініштерді (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру (мерзімі көрсетілуі тиіс)
Шетелде оқу конкурсына қатысу жөнінде өтініштерді қабылдау (шетелде оқу, сонымен қатар академиялық ұтқырлық негізінде де конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Білім алушылардың сабақтан босатылуы және іс-сапарға жіберу жөнінде өтініштерін қабылдау
Жатақханаға орналастыру жөнінде өтініштерді қабылдау (жоғары оқу орнының білім алушыларына жатақхана беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Жатақханадан шығару жөнінде өтініштерді қабылдау
Жатақханада тұратындығы және тұрғандығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру
Спорттық секцияларға жазылу бойынша кеңестер беру
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кеңестер беру
«Қаржы орталығы» АҚ арқылы білім беру несиесі бойынша кеңестер беру
Білім алушылар мен қызметкерлерді әскери есепке алу, әскери резервтергілерді тіркеу және әскери есептен шығару, формаларға сәйкес құжаттарды толтыру және оларды Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге) беру
Білім алушылардың әскерден қалдыру жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және беру
ҚР азаматтарын, сонымен қатар шетел азаматтығы бар білім алушыларды, тыңдаушыларды, қонақтарды (мемлекеттік шекарадан өту ережелеріне сәйкес) тұрақты және уақытша тіркеу, оқу визаларын (мерзімдеріне сәйкес) рәсімдеу жұмыстарын жүргізу
Медициналық құжаттамалар жүргізу
Медициналық мекемелер берген анықтамалар мен қорытындылар бойынша есеп жүргізу
Медициналық тексерістерден (өту кестелеріне сәйкес) өту жұмыстарын ұйымдастыру және хабардар ету