Руководитель центра: Турлыбеков Нуржан Кадырович
БАЙЛАНЫСТАР
Телефон: +7 (7222) 30-42-25
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, ул. Танибергенова 1
Кабинет: 213
- 2000 ж. 25 наурыз күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 248 хаттамасымен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Тарихи зерттеулер ғылыми орталығы құрылды.
- 2004 ж. наурызда Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрылуына байланысты Тарихи зерттеулер ғылыми орталығы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінен шығарылып, жаңадан құрылған педагогикалық институт құрамына енгізілді.
- 2004 ж. 5-ші сәуірде Семей мемлекеттік педагогикалық институты Ғылыми кеңесінің қаулысымен тарихи зерттеулер ғылыми орталығына академик Манаш Қозыбаев аты берілді.
- Қазақстанның тарихи-мәдени орталығы ретінде Семей Ертіс өңірінің бай тарихын танып білу;
- Қазақстанның, Ресейдің, Қытайдың, Моңғолияның шекаралас аймақтары тұрғындарының саяси, экономикалық және мәдени байланыстарының тарихын зерттеу;
- ҚР БҒМ-нің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, академик А.Марғұлан атындағы археология, Мемлекет тарихы институттарының, РҒА-ның Сібір бөлімінің Тарих институтының, Моңғолия Ғылым Академиясының Баян-Өлгий аймағындағы Әлеуметтік-экономикалық зерттеу орталығының ғалымдарымен, мұрағат мекемелерімен, мұражайларымен, еліміздің және шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз ғылыми-зерттеу байланыстарын орнату.
- Аймақ тарихының (Шығыс Қазақстан тарихы) мәселелерін зерттеу.
- Қазақстанның, Ресейдің, Қытайдың, Моңғолияның шекаралас аймақтарының тарихын, саяси, экономикалық және мәдени байланыстарының дамуын зерделеу.
- Еліміздің және шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының зерттеу орталықтарымен өзара байланысты нығайту.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау және баспадан шығару.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Манаш Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының қызметі төмендегі құжаттармен реттеледі:
- ҚР-ның конституциясы;
- ҚР-ның «Білім туралы» заңы;
- ҚР-ның «Ғылым туралы» заңы;
- ҚР-ның қолданыстағы заңнамалары мен білім саласындағы басқа да құқықтық нормативтік актілері;
- Университет басшылығының сапа саласындағы саясаты;
- Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Жарғысы; Ректордың бұйрықтары, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімдері;
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сапа саласындағы саясаты;
- Университеттің СМЖ (Сапа менеджменті жүйесі) құжаттары;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
- Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін баспаға әзірлеу.
- Алыс, жақын шет елдердің жетекші мамандарымен байланыс орнатып, әріптестікті дамыту.
- Облыстың мектеп оқушыларын, студенттер мен магистранттарды, докторанттарды, оқытушылар ен басқа мамандарды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту.
- Баспаға әзірленген ғылыми, оқу-әдістемелік және т.б. материалдарды рецензиялау.