Университетке арнайы сапармен келді

Пресс-служба     13 Sep,2019        

Шәкәрім университетіне Томск мемлекеттік университетінің президенті Майер Георгий Владимирович арнайы сапармен келді. Сапар аясында академиялық және ғылыми алмасу, білім және ғылым саласындағы бірлескен стратегиялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісім-шарт талқыланды.

Сондай-ақ университет ректоры Мейір Ғариполлаұлы Майер Владимировичке отандық, гуманитарлық білім жүйесінде ерекше орын алатын шығарма Шәкәрім Құдайбердіұлының “Үш анық” фәлсафалық трактатын сыйға тартты.


Айта кетейік Майер Георгий Владимирович Шығыс Қазақстан облысының тумасы, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор.