Университеттің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Пресс-служба     15 May,2020        

Университеттің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (ММЖК) “Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті”Коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы бұйрығы жарияланды. Тіркеу куәлігі алынды.

ММЖК бұйрығына сәйкес, университеттің өкілетті тұлғасы болып Шәкәрім университетінің түлегі, бұған дейін оқытушы, кафедра меңгерушісі, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор қызметін атқарған PhD доктор Мукаев Жандос Төлеубекұлы сайланды.