«Үш анық» апталығы өтуде

Пресс-служба     14 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде «Үш анық» апталығы өтуде. Бұған дейін біз Шәкәрім университетінің 85 жылдық мерейтойына орай университет ректоры Мейір Ескендіров барлық факультетте болып, студенттерге Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» кітабын табыстағанын айтқан болатынбыз. Ендігі мақсат сол кітаптың мазмұнын мән- мағынасын жеткізу.
«Үш анық» философиялық трактат болғандықтан кей студенттерге оны түсіну қиынға түсетіні белгілі. Сол себепті де арнайы даярланған мамандар бұл еңбекті студенттерге түсіндіріп, бірге талқылауды жөн көрді.
Қазақ Филологиясы факультетінен бастау алған бұл үрдісті «Үш анық» еңбегінің жауапты рекдакторы Арай Жүндібаева «Үш анық еңбегі және жастар тәрбиесі» дәрісімен жалғастырды. Тарих және саясаттану оқу кафедрасының доценті Дана Жаркимбаева «Шәкәрімнің Үш анығы философиялық ілімі ретінде» дәрісін университет магистранттары, докторанттары және оқытушылар құрамы арасында өткізді. Сондай-ақ Дулат Бабатайұлы атындағы ақында мектебі әрбір тарауына тоқталып, талдау жасады. Және геодезия және құрылыс кафедрасы «Шәкәрім мұрасы «Үш анық» – рухы биік жастар жолы!» атты интелектуалды ойын өткізді.
Кездесуге қатысқан студенттер еңбектің мазмұнына терең үңіліп, бірге талдады және сұрақтарын қойып, қорытынды пікірлер айтты. Тәлім-тағылым мол осындай іс-шаралар алдағы уақытта басқа факультеттің студенттерімен де өткізіледі деп жоспарлануда. Жыл бойы жалғасатын «Үш анық» еңбегінің мазмұны арқылы Шәкәрім тәрбиесін шәкірттерге жеткізу шарасы өскелең ұрпақ өміріне қосылатын өлшеусіз үлес болары сөзсіз.