«Үш анық» кітабын сыйға тартты

Пресс-служба     01 Nov,2019        

Бүгін Шәкәрім университетінің 85 жылдық мерейтойы. Таң ата барлық факультеттерді университет басшылығымен аралаған ректор Мейір Ескендіров студенттермен кездесіп, оларға  Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» кітабын сыйға тартты.

Айта кетейік «Үш анық» кітабы университет қолдауымен көптеген данада шыққан болатын.

Университеттің миссиясы ағартушылық. Ал, ағартушылықты жеткізетін ол кітап.  Сол себепті де «Үш анық» атты философиялық трактат студенттердің рухани дамуына үлкен септігін тигізеді.

Үш анық сөзіндегі «анық» сөзі  позитивизмнің аудармасы.  Анық дегеніміз – жол таңдау. Жастардың өз жолын табуына септігін тигізсін деген ниетпен «Үш анық» кітабы әрбір студенткер берілді.

Университет қабырғасына қойылған ой бұрышы кітапты оқып, ой түйген жастардың өз пікірін қалдыруға арналған орын.

«Бұл, бастама алып отырған ерекше дәстүр. Себебі төрт жылда «Үш анық» кітабын оқып шыққан маман. Келешекте Шәкәрім университетінің түлегімін деген кез-келген адамнан «Үш анықты» оқыдыңба деп сұрай алады. Осылайша бұл біздің символымызға айналады деп сенеміз» дейді университет ректоры Мейір Ғариполлаұлы.