«ҮШ АНЫҚ» ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!

Пресс-служба     19 Apr,2019        

Шәкәрім университеті журналистика мамандығының студенттері Павлодар қаласында  өткен «Ұлы даланың ұлағаты» атты XI республикалық пәндік олимпиадасыннан командалық есеппен 3 орынды иеленді.

Екі күндік білім додасына еліміздің әр өңірінен келген жоғарғы оқуы орындардан 17 команда қатысып,  51 жас журналистер 5 кезеңдік тапсырма орындап сынға түсті.

Болашақ журналистер сайыста видеоролик арқылы команда мүшелерін таныстырып, «Ұлы даланың ұлағаты» атты тақырыпта 5 минуттық бейнежазба тапсырмасын орындап, эссе жазып, берілген тақырыпта сөз шеберліктерін көрсетіп ұпай жинады.

Келесі кезеңде теориялық білімдерін сынға салып, тест тапсырмаларын орындаса, «Жедел ақпарат» атты төртінші кезеңде жеделдік пен шапшаңдықтарын көрсете отырып, аз уақыт ішінде әр команда қысқа ақпарат дайындап, сайттарға жариялады.

Топ жетекшісі аға оқытушы Бибігүл Каримова  бастаған – кербез Кереку жерінде сынға түскен «ҮШ АНЫҚ»командасының жетістігі құтты болсын!